Қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау басталды

Қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау басталды
Сурет: ашық дерекөз

Қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау 29 желтоқсанда басталып, 6 қаңтарға дейін жалғасады. ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz. сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

Тестілеудің өзі 18 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді.

Естеріңізге сала кетсек, қаңтардағы ҰБТ-ға шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданған, жазғы ҰБТ нәтижелері бойынша шекті балл жинамағандар, шығармашылық ББТ-дан басқа дайындық бағыттарына, педагогикалық бағытқа ақылы негізде ауысқысы келетіндер, сондай-ақ мектеп бітіретін түлектер жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсу үшін қатысады.

Қатысушылар тестілеу өткізілетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдайды.