«Канело» орта салмақта әлем чемпионы атанды

«Канело» орта салмақта әлем чемпионы атанды
Cурет: Prosports.kz

Альварестің қарсыласы алғаш рет жеңіліске ұшырады

Бүгін Лас-Вегаста WBA Super, WBC, WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Сауль Альварес пен IBF чемпионы Калеб Плант кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.  

Он екі раундқа жоспарланған жекпе-жекті «Канело» аяғына дейін жеткізбеді. Он бірінші раундта мексикалық боксшы қарсыласын нокаутқа жіберді. 

Осылайша, Альварес WBC, WBA (Super) және WBO титулдарына америкалық IBF белбеуін қосты. 

Калеб Плант мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады.