Президент боксшыларды жеңістерімен құттықтады

Президент боксшыларды жеңістерімен құттықтады
Cурет: Akorda.kz

Сербияда өткен әлем чемпионатында Қазақстан боксшылары 2 алтын, 2 күміс және 1 қола медальді жеңіп алды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан Әлем чемпиондарын жеңістерімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Бокстан әлем чемпионатында алтын алған Теміртас Жүсіпов пен Сәкен Бибосыновты, күміс олжалаған Махмұд Сабырхан мен Серік Теміржановты және ұлттық құрама капитаны, қола жүлдегер Абылайхан Жүсіповті шын жүректен құттықтаймын! Елдің атын шығарған ерлерімізге табыс тілеймін!» – деп жазды Президент Twitter-де.