Қаланың және Алматы агломерациясының инфрақұрылымына қауіп төнген жоқ – Алматы ТЖД

Қаланың және Алматы агломерациясының инфрақұрылымына қауіп төнген жоқ – Алматы ТЖД
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 

Қаланың және Алматы агломерациясының инфрақұрылымына қауіп төнген жоқ. Бұл туралы төтенше жағдай департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев мәлімдеді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

«Аумағы кең. Эпицентр жер бетіне әлдеқайда жақын болғандықтан, аумағы кең таралды. Эпицентр шекаралас аумақта болды, бұған дейін айтқанымыздай, ҚХР мен Қырғызстан аумағында болды. Географиялық жақындықты ескерсек, бұл шамамен 265 км. Сондықтан бұл сейсмикалық жағдайды қаламыздың тұрғындары сезді», - деді Алматы қаласы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев.

Спикер «бүгін түнде тіркелген 5 балды ескеріп, қаланың және Алматы агломерациясының инфрақұрылымына ешқандай қауіп жоқ» деп атап өтті.