Израиль Рамазан айында атысты тоқтатуға келісті

Израиль Рамазан айында атысты тоқтатуға келісті
Сурет: Reuters

Израиль Рамазан айында Газа секторына шабуыл жасауды тоқтатуға келісті.

Мұны АҚШ президенті Джо Байден Американың "Эн-би-си" телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді. Және де ол ымыраның келесі аптада күшіне енетініне үміт білдірді. Хамас болса, бұл идеяны қарастырып жатқанын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Уақытша бітім қабылданатын болса, тараптар ең алдымен тұтқын алмасуы мүмкін. Сонымен қатар, хамастықтар атысты доғару жайлы пәтуаға Газаға гуманитарлық көмек кіргізу мәселесін қосуды талап етіп отыр.

Аймақта соғыс қазанның 7-де Хамас Израильдің оңтүстігінде 1200 адамды өлтіріп, жүздеген тұрғынды кепілдікке алғаннан кейін басталды. Бүгінге дейін 30 мыңдай бейбіт палестиналық мерт болған.