Италия халқы С.Берлусконимен қоштасты

Италия халқы С.Берлусконимен қоштасты
Сурет: Iz.ru

Италияда бұрынғы премьер-министр Сильвио Берлускониді жерлеу рәсімі өтті.

Миланның орталық алаңы мен кафедралдық соборына мыңдаған адам жиналды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Саясаткерлер, кәсіпкерлер, қарапайым тұрғындар мен туған-туыстары, достары бар. Берлускони 86 жасында дүние салды. Ол Италия үкіметін төрт рет басқарды. Берлусконидің алып бизнес-империясына ақпарат құралдары, қаржы, құрылыс, кино салалары мен саяси партия кіргені белгілі.