Статистикаға сенсек, Шымкентте әр 15 минут сайын бір сәби дүниеге келеді екен

Статистикаға сенсек, Шымкентте әр 15 минут сайын бір сәби дүниеге келеді екен
Сурет: Ашық дереккөз

Демографиялық өсім бары қуантарлық жайт.

Шымкентте 4-ші перзентхана салынбақ. Перзентхана 200 орынға шақталған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

24.kz сайтының хабарлауынша, қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр. Сондай-ақ алдағы 3 жылда 800 орындық университет клиникасы мен 6 жекеменшік медициналық орталық ашу жоспарланып отыр.

«Шымкент қаласының тұрғындары әр жылда ұлғайып, кемінде 33 мың бүгінгі күнде азамат дүниеге келеді. Енді статистикадан әр 15 минутта бүгінгі күнде бір тұрғын келіп жатыр. Енді ол бағытта бүгінгі күнде заманға сәйкес ыңғайлы болуы үшін перзентхана салынуы керек. Сол үшін Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 200 орындық заманауи перзентхана салынсын деп тапсырма берді», - дейді Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов.