Серік Сәпиев Антикордың қоғамдық кеңесі құрамына кірді

Серік Сәпиев Антикордың қоғамдық кеңесі құрамына кірді
Сурет: Turkystan.kz

«Адал елде өмір сүргім келеді»

Бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы қоғамдық бірлестігіне қосылды, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz.

«Кеңестің жаңа мүшесі болып мемлекет қайраткері, бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сапиев және «Әділдік жолы» РҚБ атқарушы директоры Дидар Смағұлов кірді», – делінген Антикор хабарламасында.

Олимпиада чемпионы жұмыс тәжірибесі мен ұстанымының қоғамдық кеңеске ел игілігі үшін пайда әкелуге мүмкіндік беретіндігін жеткізді.

«Мен қоғамдық кеңеске пайда әкелетініме сенімдімін. Өйткені менің азаматтық ұстанымым бар. Мен елдің қарапайым азаматы ретінде адал мемлекетте, сыбайлас жемқорлықсыз, әділ мемлекетте өмір сүргім келеді. Менің жұмыс тәжірибем, ұстанымым мемлекетімізді дамытуға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне, атап айтқанда, қоғамдық кеңеске ел игілігі үшін пайда әкелуге мүмкіндік береді деп ойлаймын», – деді Сәпиев.