Коронавирус жұқтырған 453 адамның жағдайы ауыр - министрлік

Коронавирус жұқтырған 453 адамның жағдайы ауыр - министрлік
Cурет: 24.kz

95 мыңнан астам адам емделіп жатыр 

7 ақпандағы мәлімет бойынша, 95 515 адам коронавирус инфекциясынан (–94 327+ және 1 188 КВИ-) емделуде. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz Денсаулық министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Олардың ішінде 9 897 пациент стационарда, 85 618 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 453 адамның жағдайы ауыр,
• 155 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 96 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.