Индонезия Президенті Sergek көліктік шешімдерімен танысты  

Индонезия Президенті Sergek көліктік шешімдерімен танысты  
Сурет: sergeknews

Индонезия басшысы Джоко Видодоға командалық орталықтың және Нусантара спутниктік қаласы Баликпапанда пилоттық режимде іске қосылған Sergek платформасының іске қосылуы көрсетілді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Индонезиядағы Sergek платформасы жасанды интеллект және деректерді талдауға негізделген. Оның басты ерекшелігі - әртүрлі өндірушілердің қолданыстағы және жаңа камераларды бір ақпараттық панельге еркін біріктірілуі. Біз жолдардағы көліктердің үлкен деректерін (big data) талдауды (жол жүру уақыты, орташа жылдамдық, қоршаған орта көрсеткіштері) қамтамасыз етеміз және қозғалыс ағынының сценарийлерін жасау үшін жасанды интеллектті белсенді түрде қолданамыз. Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың ақпан айында Индонезияда пилоттық жоба іске қосылды. Мұнда біздің мамандар көлік ағынын талдау және болжау үшін интеллектуалды көлік жүйесін, сондай-ақ экология және жол қауіпсіздігі саласындағы шешімдерді енгізуде.