Илья Ильин нәрестелі болды

Илья Ильин нәрестелі болды
Сурет видеодан алынды

Елімізге белгілі ауыр атлет Илья Ильин нәрестелі болды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Ол бұл туралы әлеуметтік желіде өзінің қызының дүниеге келгені жайында қазақстандықтардан сүйінші сұрап, жұбайы Татьяна екеуі ата-ана атанғанын мәлімдеді.

«Достар, Сіздер бізді Танюшамен бірге қызымыздың дүниеге келуімен құттықтай аласыздар! Қазақстан мен Әлемнің жаңа азаматының аты Ильина Айили Ильинична! Бізде жоспарлы кесарь болды, бәрі жақсы өтті! бойы: 50 см, салмағы: 3 кг 178 г», - деп жазды Илья әлеуметтік желіде.