Илон Маск адамзатты аштықтан құтқаруға әзір

Илон Маск адамзатты аштықтан құтқаруға әзір
Сурет:

Адамзатты аштықтан құтқару кәсіпкер Тесла компаниясының акцияларын сатып жіберуге дайын

Бірақ ол үшін америкалық кәсіпкердің бір шарты бар. Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы сатылымнан түскен ақша аштықпен күреске көмектесе алатынын дәлелдеу керек, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұған дейін осы гуманитарлық ұйымның атқарушы директоры тойып тамақ ішпейтіндердің мәселесін шешу үшін 6 миллиард доллар жетеді деп жария еткен. Сөйтіп әлемнің ең ауқатты деген бірнеше адамын ақша бөлуге шақырған.

Форбс рейтінгісіне сәйкес, ең бай адам Илон Маск саналады. Оның дүние-мүлкі 289 миллиард долларға бағаланып отыр. Кәсіпкер аштықпен күреске қажетті 6 миллиард долларға ақшасының небәрі 2 процентін бөлсе жетеді.