Бокстан ӘЧ: Абылайхан Жүсіпов польшалық қарсыласын айқын басымдықпен ұтты

Бокстан ӘЧ: Абылайхан Жүсіпов польшалық қарсыласын айқын басымдықпен ұтты
Сурет: Olympic.kz

Әлем чемпионатындағы жерлестер жетістігі

Бокстан Белградтағы әлем чемпионатында Қазақстан командасының өкілі ширек финалға шықты деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

67 келі салмақта сынға түскен польшалық Дамиан Дуркачпен жұдырықтасып, 5:0 есебімен жеңіске жетті. 

Абылайхан ширек финалға жолдама алды.

Бұған дейін57 келіде сынға түскен қазақстандық Серік Теміржанов 1/8 айналымда үндістандық Рохит Мормен кездескен болатын.

Жекпе-жек барысында Теміржанов өзін өте сенімді ұстап, қарсыласын 4:1 есебімен жеңді. 

Осылайша, ол ширек финалға өткен боксшылар қатарын толықтырды.