Белгілі қоғам қайраткері Темірхан Досмұхамбетов өмірден өтті

Белгілі қоғам қайраткері Темірхан Досмұхамбетов өмірден өтті
Сурет: 24.kz

Қоғам қайраткерінің қазасына байланысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл айту жеделхатын жолдады

Бүгін белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Темірхан Досмұхамбетов өмірден озды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Марқұмның отбасы мен туған-туыстарына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көңіл айту жеделхатын жолдады.

Құжатта Темірхан Мыңайдарұлы саналы ғұмырын ел игілігі жолында қызмет етуге арнап, тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуына зор үлес қосқан тұлға екені айтылған.

«Ол бірқатар жоғары лауазымда абыройлы жұмыс атқарып, туризм және спорт, заң шығару саласының дамуына, елордамыздың көркеюіне бар қажыр-қайратын жұмсады. Кейіннен кәсіпкерлікпен айналысып, ауыл шаруашылығының өркендеуіне атсалысты. Білікті басшы, пайым-парасаты биік азамат ретінде әрдайым еселі еңбек етіп, көпшіліктің ізет-ілтипаты мен құрметіне бөленді», – делінген Елбасы жеделхатында.

Нұрсұлтан Назарбаев Темірхан Мыңайдарұлының жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталатынына сенім білдірді.