Газетке онлайн жазылуға болады

Газетке онлайн жазылуға болады
Сурет: Opennews.kz

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі мәлімдеді. 

Ол бұл жайында алтыншы рет өткізіліп жатқан Qazaq Forum отандық онлайн контент жасаушылардың форумында айтты деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап. 

 «Kaspi Bank»-пен де әріптестік байланыс орнатып, баспасөзге онлайн жазылу бойынша келісімге келдік. Қосымшада әзірге 18 басылым бар. Мұндай қадамдар жазылушыларға оңтайлы жолдар ұсынып, олардың қатарын артырады деген сенімдеміз, − деді министр. 

Qazaq Forum-ға медиа саласының мамандары мен блогерлер қатысып жатыр.