Ғалымдар қатерлі ісікпен күресудің жаңа әдісін ұсынды

Ғалымдар қатерлі ісікпен күресудің жаңа әдісін ұсынды
Сурет: Ren.tv

Бұл туралы ғалымдардың соңғы зерттеулеріне сілтеме жасай отырып, шетелдік басылымдар жазуда.

Ғалымдар онкологиялық аурулармен күресудің жаңа жолы – жүйке жүйесі арқылы  екенін алға тартып отыр.

Олар қатерлі ісік жасушалары дәнекер тіндерді, қан тамырларын және тіпті жүйке жүйесін бағындыра алатынын түсінді. 1990 жылдардың аяғында жүргізілген тәжірибелер нейрондардың ісіктердің өсуі мен дамуында белсенді рөл атқаратынын дәлелдеді.

Белгілі болғандай, нейрондар нейриттерді рак клеткаларына «тастайды», бұл өз кезегінде сау жасушаларға арналған көпірге айналады.

2013 жылы АҚШ-та жүргізілген эксперимент барысында ғалымдар науқастың жүйке талшықтарын кесіп, осылайша қатерлі ісіктің таралуын тоқтатты. Бұл асқазан, бауыр және тері қатерлі ісігіне де әсер етеді.

 «Қатерлі ісік клеткаларының дененің барлық ресурстарын, соның ішінде жүйке жүйесін тарту қабілеті шынымен таң қалдырады», – делінген басылымда.

 

Алайда ғалымдар үшін бұл әлсіз жерді табу мүмкіндігі екендігі нақтыланды. Қатерлі ісік нейротерапиясы химиотерапия, хирургия, иммунотерапияға қосымша жаңа емдеу әдісі болуы мүмкін.