Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің алғашқы туры қалай өтті?

Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің алғашқы туры қалай өтті?
Cурет: Olegasphoto.com.ua

Біріншілік шымылдығын «Ордабасы» (Шымкент) - «Мақтарал» (Түркістан облысы) командалары арасындағы ойын ашты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Кездесу барысында команда 1:1 есебіне қанағат білдіріп тарасты.

«Астана» (Нұр-Сұлтан) мен «Шахтер» (Қарағанды) командалары кездесуінде есеп ашылған жоқ. Қос команда 0:0 есебімен тең түсті. Дәл қазір бірінші кезеңнен кейін «Атырау» мен «Ақсу» (Павлодар облысы), «Каспий» (Ақтау) мен «Қызылжар» (Петропавл) клубтары кездесу өтіп жатыр. Әзірге есеп 0:0. Сондай-ақ, алғашқы ойын күнін 17.00-де «Тұран» (Түркістан) мен «Тараз» командалары түйіндейді. Аталған кездесу «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Ал 6 наурызда қалған екі ойын болады. Алдымен 15.00-де «Қайрат» (Алматы) мен «Ақтөбе», 17.00-де «Тобыл» (Қостанай) мен «Ақжайық» (Орал) командалары ойнайды. Бұл күнгі екі ойын да «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирден көрсетіледі.