Мальдив билігі туристер үшін ПТР тестін алып тастайтын болды

Мальдив билігі туристер үшін ПТР тестін алып тастайтын болды
Сурет: Tengrinews.kz

Шешім бүгіннен бастап күшіне енеді.

Мальдив билігі COVID-19 вакцинасын алған туристер үшін коронавирусқа міндетті ПТР тестілеуді алып тастау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Сынақтардан босату үшін саяхатшы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) және Мальдив азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы мақұлдаған кез келген вакцинамен вакциналануы міндетті.

Сонымен қатар, алдыңғы вакциналаудың белгіленген мерзімі аяқталған жағдайда, туристер препараттың үдеткіш дозасымен вакциналануы қажет.

Moderna американдық компаниясы, AstraZeneca Британдық-Швед холдингі және Covishield Үнді фирмасының Biontech неміс-американдық концернінің препараттары, сондай-ақ, Мальдив аралдарында «Спутник V» ресейлік вакцинасы мақұлданды.