«Форбстағы» кәсіпкердің 3 500 гектар жері мемлекетке қайтырылды

«Форбстағы» кәсіпкердің 3 500 гектар жері мемлекетке қайтырылды
Сурет: Inbusiness.kz

Бұл жерлер жылдар бойы игерілмей, бос жатқан.

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы 3500 гектар жайылымдық жер мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл жер 2017 жылы «Форбс» тізіміндегі белгілі кәсіпкерге шалғайдағы (маусымдық) мал шаруашылығына арналған жерлер құрамынан шығарылып, заңсыз жолымен берілген еді.

Алматы облысы прокуратурасының хабарлауынша, қазіргі уақытта осы жерді жергілікті тұрғындарға жайылымдар үшін берілетін болып шешілді. Осы мақсатта жұмыс істелініп жатыр.

Сонымен қатар, жыл басынан бері жоғары лауазым иелері мен ірі бизнесмендерге тиесілі 26,8 мың га жер, кадастрлық құны 714 млн теңге мемлекет пайдасына қайтарылды.

Бұл жерлер жылдар бойы игерілмей, бос жатқан. Жемшөп дақылдары өсірілмеген. Шаруашылықтардың балансында малдар да болмаған. Соның кесірінен фермерлер егістік және жайылымдық жерлерге өте мұқтаж болған.