Грузиядағы жүзім аумағын су басып қалды

Грузиядағы жүзім аумағын су басып қалды
Сурет: видеодан алынды

Грузияның жүзім өсіретін аймағы Кахетияны қалың су басып жатыр. Бірнеше минут қана құйған нөсер мен, бұршақ соңы, алапат тасқынға ұласты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

24.kz таратқан мәлімет бойынша өзендер тасып, жолдар мен үйлерді, жүзім алқабы мен бау-бақшаларды шайып, үлкен зардап әкелді. Сондай-ақ күшті желдің кесірінен электр сымдары үзіліп, бірнеше елдімекен жарықсыз қалды. Әсіресе Гурд-жаАни қаласы қатты зардап шекті. Тасыған өзеннің суы, орталық көшені басып, көлік қозғалысы тоқтап қалды. 

 - Гурджаани қаласы су астында қалды. Орталық көшемен жүру мүмкін емес тіпті. Абырой болғанда, адамдар аман. Барлық техниканы қалпына келтіру жұмысына жұмылдырдық, -дейді Кахетия губернаторы Георгий Аладашвили.

 - Басында бұршақ аралас жаңбыр жауды. Әп-сәтте көшелерді су алып кетті. Үйдегілерді далаға шығармай қойдым. Бұрын осындай тасқын кезінде 2 ұл бала қайтыс болған еді. Содан қатты қорқамын. Су асфальт жолды шайып кетті. Енді бәрін қайтадан істеу керек, - деді Гори қаласының тұрғыны Мзия Шатакишвили.