Ертең Үкімет отырысы өтеді

Ертең Үкімет отырысы өтеді
Сурет: Akorda.kz

UKIMET Telegram-каналында онлайн-трансляция жүреді.

Сейсенбі, 10 қазанда, сағат 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Күн тәртібінде:

  1. 2023 жылғы қаңтар-қыркүйектегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және республикалық бюджеттің атқарылуы;
  2. жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі шаралары;
  3. техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту.

Отырыстың тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook әлеуметтік желісінен көре аласыздар.