Ертең Алматыда қатты жауын-шашын болады

Ертең Алматыда қатты жауын-шашын болады
Сурет: Ашық дереккөз

Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті 18 ақпанда қалада жауын-шашын мол түсетінін ескертті. Қалада қар аралас жаңбыр жауып, тұман түседі, көктайғақ болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Осыған орай төтеншеліктер көлік иелері мен жаяу жүргіншілерді көктайғақ кезінде жолда аса мұқият болуға шақырды.

Көктайғақ кезінде мына ережелерді қаперде ұстау қажет: 

- есіңізде болсын, қар мен көктайғақ кезінде көлік жүргізу күрт нашарлайды және жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай, салдарынан жаяу жүргіншілерді қағып кетуі мүмкін;
- жолдан өтерде ережеде белгіленген жерден өту керек;
- жолдан өткен кезде, басқа істерге (ұялы телефонмен сөйлесу және т. б.) алаңдамаңыз;
- аяқ киімді дұрыс таңдауға назар аудару керек. Аяқ киім бұдырлы өрнегі бар тайғанамайтын материалдан жасалған тегіс табанды болуы тиіс;
- қолыңызды қалтаға салып жүрсеңіз, мұзда тепе-теңдікті жоғалтуыңыз мүмкін екенін қаперде ұстаңыз;
- есіңізде болсын, тротуарлар, көлік аялдамалары, дүкендерге кіре берістегі баспалдақтар, тіпті үйдің кіреберісі адамдар жиі құлап, жарақат алатын жерлер болып саналады.