Әлем кубогына баратын балуандар анықталды

Әлем кубогына баратын балуандар анықталды
Сурет: Ашық дереккөз

Дүбірлі додада Қазақстан балуандары 11 салмақта сынға түседі

Иран астанасы Тегеран қаласында еркін күрестен клубтар арасындағы әлем кубогына қатысатын қазақстандық спортшылар анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл жөнінде ҚР күрес түрлері федерациясы, баспасөз қызметінің жетекшісі Аспандияр Есенжолов мәлім етті.

Аталған турнир Біріккен күрес әлемінің (WWU) ережесі бойынша 17-18 ақпан күндері өткізіледі. Дүбірлі додада Қазақстан балуандары 11 салмақта сынға түседі.

Әлем кубогына қатысатын қазақстандық балуандардың тізімі төмендегіше:

57 келі. Мейрамбек Қартбай (Ақтөбе облысы)

61 келі. Өсімжан Дастанбек (Алматы облысы)

65 келі. Рифат Сайботалов (Павлодар облысы)

70 келі. Егор Анчугин (Алматы қаласы)

74 келі. Мұрат Жақыпов (Ақмола облысы)

74 келі. Данияр Қайсанов (Шығыс Қазақстан облысы)

79 келі. Нұрдәулет Қуанышбай (Жамбыл облысы)

86 келі. Дәулетқазы Есқали (Алматы облысы)

92 келі. Әбдіманап Байгенжеев (Павлодар облысы)

97 келі. Нұрсұлтан Азов (Ақмола облысы)

125 келі. Омар Эюбов (Алматы облысы)

Еске салсақ, бұдан бұрын дзюдодан Еуропа кубогінде Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды.