Ерболат Досаев Алматының медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Ерболат Досаев Алматының медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Алматы әкімі өз сөзінде маусымның үшінші жексенбісі күнтізбедегі ерекше күн екенін атады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл күні Қазақстанның ақ халатты абзал жандары кәсіби мерекесін тойлайды. 

«Саналы ғұмырын осы асыл мамандықпен байланыстырғандарға шын жүректен бақыт, амандық, зор денсаулық, бейбітшілік пен жақсылық тілеймін», - деді мегаполис басшысы. 

Алматы отандық медицинадағы ірі орталықтың бірі саналады. Қалада 40 мемлекеттік және 36 жекеменшік емхана, 24 мемлекеттік және 6 республикалық стационар бар. 13 мыңнан астам дәрігер мен 19 мың медбике еңбек етеді.