Қашықтан немесе онлайн жұмыс істейтіндер 80 жылдан кейін қандай болады?

Қашықтан немесе онлайн жұмыс істейтіндер 80 жылдан кейін қандай болады?
Cурет: Ren.tv

Бүкірейген арқа мен тырнақ тәрізді саусақтар. Шамамен 80 жылдан кейін қашықтан жұмыс істейтіндердің кескін-келбеті осындай болмақ.

Мұндай болжамды  Ұлыбритания ғалымдары жасаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Лидс университеті мамандарының айтуынша, британдықтардың шамамен үштен бірі қашықтан жұмыс істейді, бірақ олардың жұмыс орындары жақсы жабдықталмаған. Осының ескерген зерттеушілер  онлайнда немесе қашықтан жұмыс жасайтындардың болашақ прототипін жасауды мақсат еткен.

Прототипті Анна деп атаған. Оның арқасы бүкірейген, иықтары көтерілген, әжімдерге толған сұрша жүзі және  үнемі өз төсегінде жұмыс істеуіне байланысты салмақтан проблемалары бар. Әрине, қасынан  кофе немесе шай және дәмді бір  нәрсе болатынын да ескеру қажет.

Компьютермен үнемі жұмыс істегеннен кейін Аннаның көздері қызарып, ісіп кеткен. Саусақтары толығымен жазылмайды және олар көбіне көп сырт көзге «тышқан тетігіне» ұқсайды.

Сонымен бірге, болашақ қашықтан жұмыс істеуші депрессияға шалдыққыш әрі иммунитеті де өте әлсіз болады. Бұл таза ауаның жетіспеушілігінен болады. 

Осыған байланысты, денсаулық сақтау саласының сарапшылары қашықтан жұмыс істейтіндерге, бірінші кезекте, өздеріне арналған жақсы жұмыс орнын ұйымдастыруға шақырады. Сондай-ақ, жиі үзіліс жасап, көбірек қозғалып, тірек-қимыл аппаратын нығайту үшін жаттығулар жасау керек.