Қазақстанда балалар арасында СOVID-19 жұқтыру жағдайлары азайды

Қазақстанда балалар арасында СOVID-19 жұқтыру жағдайлары азайды
Сурет: Сoronavirus2020.kz

Бұл көрсеткіш төмендей бастады.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Мәжілісте өткен баспасөз мәслихатында елімізде балалар арасында коронавирус жұқтыру жағдайлары азайғанын жеткізді, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz

«Балалар арасында коронавирус жұқтыру жағдайлары әлі де бар. Десек те, соңғы айларда көрсеткіш төмендей бастады. Сегіз айдың ішінде сегіз мыңға жуық бала коронавирустық инфекциямен ауырды, бүгінде сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалады», - деді Ажар Ғиният журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта коронавирус жұқтырған 100-ден астам науқас стационарларда емделіп жатыр.

«Негізінен ересектер ауырады, балалар арасында маусымдық вирустық инфекция тарап жатыр. Мен бұл коронавирустық инфекция немесе басқа бір жаңа инфекция деп айта алмаймын. Қазір Қазақстанда тұмау мен парагриппке дайындалу, вакцинация науқаны мен аурудың алдын алу шаралары жүргізілуде. Көпжылдық бақылауларды есепке алсақ, маусымдық сырқаттанушылық қараша айында көтеріледі», - деп түйіндеді Ажар Ғиният.