Катонқарағай ауданында орман өртінің таралуы тоқтатылды

Катонқарағай ауданында орман өртінің таралуы тоқтатылды
Сурет: 24.kz

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында орман өрті оқшауланды.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Катонқарағай ұлттық табиғи паркі Ақсу филиалының аумағында шыққан қызыл жалынның беті қайтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Алдын ала дерек бойынша Катонқарағай ауданының Сенное ауылынан 3 шақырым жерде, «Катонқарағай ұлттық табиғи паркі» РММ Ақсу филиалының аумағында (Усть-Язовское орманшылығы) тұтанған өрттің жалпы ауданы 15 гектарды құрады. Шөп пен бұталарды шарпыған от сағат 14.00-де оқшауланды. Өртті сөндіруге ТЖД-дан 11 адам, орман шаруашылығынан 99 адам және 3 техника, «Авиаорманқорғау» мекемесінен 6 адам және жергілікті атқарушы органнан 7 адам жұмылдырылды», - делінген ақпаратта.

Еске салсақ, Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында кешеден бері орман өртеніп жатқан еді.