Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ант берді

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ант берді
Сурет: ашық дереккөз

Үкімет отырысында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ант берді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қазақстан халқы мен Президенті алдында өз Отаным – Қазақстанның экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант етемін», - деді министр.

Айта кетейік, 4 сәуір күні Алмасадам Сәтқалиев Энергетика министрі лауазымына тағайындалған болатын. Ол 2021 жылдың наурыз айынан «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарып келген еді.