Еліміздің оқушылары халықаралық олимпиададан жүлделі оралды

Еліміздің оқушылары халықаралық олимпиададан жүлделі оралды
Сурет: Gov.kz

Оқушылар химия пәнінен бақ сынады.

Жеңімпаздарды Алматы халықаралық әуежайынан мектеп ұжымы мен ата-аналары күтіп алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

24.kz ақпаратына сүйенсек, Астана, Өскемен, Павлодар және Ақтаудан іріктелген төрт оқушы Швейцарияның Цюрих қаласындағы дәстүрлі додаға қатысты. Олар – Назарбаев зияткерлік мектебінің және арнайы лицейдің шәкірттері.

10 күндік жарыста білімді жастарымыз 1 алтын, 2 күміс, 1 қола медальға ие болды. Сайыстың бірінші кезеңі теориялық, екіншісі лабораториялық форматта өтті. Халықаралық олимпиадаға 89 елден 360-қа жуық оқушы қатысқан. Тапсырма қиын болғандықтан, жүлдеден үміт аз болды, - дейді жеңімпаздар.

«2 тур да, менің ойымша, қиын болды. Бірақ практикалқ тапсырмалар 4 жылдың ішінде бірінші рет жазып отырмыз. Себебі 3 жыл бұрын барлық тапсырмалар оффлайн түрде өткен. Бұл Цюрихте өткен олимпиада – осы 4 жыл ішіндегі жалғыз оффлайн өткен олимпиадалардың бірі», - дейді  Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Санжар Бисенәли.