Еліміздің ірі қалаларында бүгін ауа райы қандай болады?

Еліміздің ірі қалаларында бүгін ауа райы қандай болады?
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Бүгін Алматыда қар жауады деп болжанды.

Синоптиктер Астана, Алматы мен Шымкентте 2 наурыз күні ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Алматыда күндіз ауа температурасы -1 градусқа дейін көтеріліп, түнде -10 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,0 м/с болады.

Астанада синоптиктердің болжамынша, қар жауады. Күндіз ауа температурасы күндіз -7 градусқа дейін жетіп, түнде -15 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 5,9 м/с.

Шымкентте де бүгін қар жауады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 1 градусқа дейін көтеріліп, түнде -1 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,9 м/с деңгейінде болмақ.