Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Елдің шығыс бөлігінде аяз әлсірей бастады.

Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Метеорологтар мәліметінше, Қазақстанның шығысында түнде аяз біртіндеп әлсірейді -36 градустан минус 20 градусқа дейін.

"Тек республиканың солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында циклондар әсерінен бұлтты ауа райы жауын-шашын, көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі", - делінген хабарламада.