Еліміздің басым аймақтарында күн суытады

Еліміздің басым аймақтарында күн суытады
Сурет: Zviazda.by

Күн суып, үсік жүреді.

Синоптиктер 15-17 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қазгидромет» мәліметінше, елімізде алдағы күндері тұрақсыз ауа райы күтіледі. Батыста жаңбыр жауады, солтүстік аймақтарда жаңбыр соңы қарға ұласады, бұрқасын, көктайғақ және тұман болжанады. 

Сондай-ақ оңтүстік аймақтарда ыстықтың бәсеңдеуі және қатты жауын-шашын, найзағай мен бұршақ болады деп күтілуде. Бүкіл аумақта жел күшейеді.

16 сәуірден бастап Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында, 17 сәуірден бастап Түркістан облыстарында түнгі уақытта үсік жүреді.