Елімізде қанша жалғызбасты әкелер мен аналар бар?

Елімізде қанша жалғызбасты әкелер мен аналар бар?
Сурет: ашық дереккөз

Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты ерлер мен әйелдер туралы мәліметті жариялады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Қазақстанда 2022 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша 18 жасқа дейінгі балалары бар 476 мың жалғызбасты әкелер немесе аналар отбасы бар, оның ішінде 423 959-ы балалы аналар отбасы, 52 мыңы - балалары бар әкелер отбасы.

Мұнда әкелер мен аналардың - жесір, ажырасқан, ешқашан үйленбеген санаты ескерілгені айтылды.

Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің мәліметінше, 2022 жылы 129 707 жұп некеге отырса, 51 220 жұп ажырасқан.