Елімізде есірткіге тәуелді 108 мыңнан астам адам бақылауда

Елімізде есірткіге тәуелді 108 мыңнан астам адам бақылауда
Сурет: Nc-newlife.com

Елімізде есірткіге тәуелді адамдардың саны белігілі болды.

108 мыңнан астам тұрғын динамикалық бақылауда тұр. Оның 18 329-ы есірткі құралдары мен психотроптық заттарға тәуелді болып шыққан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл туралы есірткіге қарсы кешенді жоспардың орындалуы талқыланған жиында айтылды. Басқосуға құқық қорғау органдарының өкілдері, білім беру саласының мамандары мен қоғам белсенділері қатысты. Кешенді жоспарға сәйкес, жасөспірімдер мен жастар арасында ведомствоаралық профилактикалық жұмыс ұйымдастырылды. Барлық өңірде есірткіге қарсы профилактикалық іс-шаралар өткізу жоспарлары бекітілді. Оның аясында қазір оңалту, емдеу жұмыстары күшейтіліп жатыр.

«Оны анықтау керек. Біз оны көп анықтаған сайын, қоғам тазарады. Былтырдың өзінде 36 тоннадай есірткі тәркіленді былтырдың өзінде. 1 тонна 100 тек синтетикалық есірткі жіберілмеді. Бұл деген қаншама млн адамның өмірін сақтап қалдық десек болады», - дейді ҚР ІІМ есiрткi қылмысына қарсы іс-қимыл департаментi бастығының міндетін атқарушы Бақытжан Әмірханов.