Елімізде автобустардың жартысына жуығы ескі

Елімізде автобустардың жартысына жуығы ескі
Сурет: Turkystan.kz

Қоғамдық көліктердің 46 пайызы ескі

Индустрия және инфроқұрылымды дамыту министрлігі өңірлерде автобус парктерін жаңарту мәселесін көтерді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазіргі таңда қалаларда 10 мыңнан астам қоғамдық көлік бар. Ақтау, Өскемен, Талдықорған, Петропавл, Орал және Қостанай қалаласындағы қоғамдық көлікті тозу деңгейі 46 пайызға жеткен.

Көлік комитеті паркті жаңартудың негізгі жолы тасымалдаушы кәсіпорын шығындарын субсидиялау екенін айтады. 2018-2021 жылдар аралығында республика бюджетінен 79 млрд теңге қаржы бөлініп, жеңілдетілген лизингпен 2300-ге жуық автобус алынған.