Қазақстандық жеңіл атлет Ислам ынтымақтастығы ойындарының алтын медалін жеңіп алды

Қазақстандық жеңіл атлет Ислам ынтымақтастығы ойындарының алтын медалін жеңіп алды
Сурет: Olympic.kz

Жеңіл атлетикадан Қазақстан командасының өкілі Михаил Литвин Түркияда өткен Ислам ынтымақтастығы ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ол 400 метрлік финалдық жарыста жеңіске жетті. Спортшы қашықтықты 45,36 секундта бағындырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап. 

Айта кету керек, алдын ала раундта Михаил Литвин Қазақстанның рекордын орнатты, ол қазір 44,94-ке тең.