Алматыда өткен жылы жоғалып кеткен ер адамның денесі Өскеменнен табылды

Алматыда өткен жылы жоғалып кеткен ер адамның денесі Өскеменнен табылды
Сурет: Khabar.kz

Нақтырақ айтқанда, ер адамның денесі орманнан табылған.

Алматыда тұратын 32 жастағы ер адам өткен жылдың 13 наурызында жоғалды. Сағат 6:30 шамасында Райымбек даңғылында жұмыстан шығып, үйіне қарай кеткен ол сол уақыттан бері із-түзсіз жоғалған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Туыстарының арызынан соң тәртіп сақшылары жедел іздестіру шараларына кірісті. Оларға еріктілер де атсалысқан. Алайда азаматты табу мүмкін болмады.

«Ер адамның денесі Өскемен іргесіндегі орманнан табылды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бірқатар сараптама тағайындалған. Өлімнің нақты себебі содан кейін белгілі болады», - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.