Елена Рыбакина жаңа жылдағы беташар матчын өткізеді

Елена Рыбакина жаңа жылдағы беташар матчын өткізеді
Сурет: ашық дереккөз

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Брисбен (Аустралия) WTA 500 турнирінде жаңа жылдағы беташар матчын өткізеді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Жарысты екінші айналымнан бастайтын қазақстандық теннисші дүниежүзілік рейтингте 124-орында тұрған аустралиялық Оливия Гадекимен сынға түседі.

Бәсеке Астана уақытымен сағат 14.30-да басталады.

Жүлде қоры 1,7 млн доллардан асатын аталмыш додада Е.Рыбакина екінші ракетка болып тіркелген. Турнир жеңімпазы 220 мың доллар табыс тауып, 500 рейтингілік ұпайға ие болады.
Тағы бір қазақстандық, әлемнің 190-ракеткасы Денис Евсеев Канберра (Аустралия) челленджер турнирінің екінші айналымында рейтингте 167-орындағы чехиялық Якуб Меншикке жол берді – 4:6, 4:6. Сөйтіп, ширек финалға шыға алмады.