Электронды темекінің зияны орасан зор

Электронды темекінің зияны  орасан зор
almaty-akshamy.kz

Соңғы уақытта вейпқұмар адамдардың қатары артып барады. Осы құрылғылардың денсаулыққа кері әсерінен бөлек қоршаған ортаға да залалы орасан.

Әлемде вейпке арналған 844 миллион құрылғы жыл сайын далаға тасталады. Осының бәрін қосса, 6 "Эйфель мұнарасына" тең қоқыс шығады. Денсаулыққа кесірін керек қылмай жүрген жастар электрон шылымның қоршаған ортаға зиянын тіптен ойламайды. Бір реттік қолдануға арналған құрылғы 1 мың жылға дейін шірімей, айналаны ластап жата береді.

Бір ғана Британяда апта сайын бір реттік қолдануға арналған 5 миллион электрон темекі қоқысқа айналады. Ондағы литийдің мөлшері электрмобиль жасауға қажетті 5 мың аккумулятор жасауға жеткілікті. Қолданушылардың көбі оны қайта өңдеуге тапсыру үшін не істеу керектігін білмейді. Жақында жүргізілген сауалнамаға қатысқандардың 73 пайызы вейпті қоқыс жәшігіне тастай салатын көрінеді. Ал ондағы литий батареяларынан өрт шығуы мүмкін. Мысалы, АҚШ-та соңғы 7 жылда осындай 250 оқиға тіркелген.