Алматыда жалпықалалық сенбілік өтуде

Алматыда жалпықалалық сенбілік өтуде almaty-akshamy.kz

Алматыда Республика күні қарсаңында ұйымдастырылған  «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» атты жалпықалалық сенбілік өтуде, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz
 
Қалалық Мәслихат пен экологиялық бірлестіктердің бастамасымен өтіп жатқан сенбілік аясында демалыс аумақтары, саябақтар, скверлер мен аулаларда тазалық жұмыстарын жүргізіп,  10 мыңға жуық түп ағашын отырғызу жоспарланған. 
Алматы қалалық әкімдігі көшеттер мен отырғызуға арналған жабдықтармен (қолғаптар, қаптар, күрек, тырмалар) ұсынып, қатысушыларды сумен қамтамасыз етіп, жиналған қоқысты полигонға шығарады. 
Сенбілік өтіп жатқан аймақтардың бірі - “Көк Қайнар” ықшауданындағы Боралдай өзенінің жағасы. 
Ұйымдастырушылардың айтуынша, қазір бұл жерде  жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондықтан өзен жағасын жиі тазалап тұру керек. 
Іс-шара өтетін барлық аумақта концерт пен 15 минуттық жаттығу сияқты мәдени ойын-сауық бағдарламалары қарастырылған.



“Сенбілік ұйымдастырып, тазарту жұмыстарына мән беруіміз аса маңызды. Боралдай өзенінің жағасын тазартып, ағаш отырғызуға 4 басқарманың қызметкерлері жиналды. 100 түп ағашы отырғылады. Олардың 50-і шырша, 30-ы үйеңкі, қалғаны - алма ағаштары”,- деді  Алматы қаласы Жайлы қалалық орта басқармасы бөлімінің басшысы Ернар Букешов. 



Ғалия Тоқсейітова, Алматы қаласы Туризм басқармасының басшысы: 
- Еліміз үшін маңызды мемлекеттік мереке қарсаңында біздің басқарманың да қызметкерлері қолына қажетті құрал-саймандарын алып, сенбілікке шықты. Ағаш отырғызып, қоқыстарды жинауға басқармадан 15 қызметкер келді. Менің ойымша, қаланың әр тұрғыны осындай шараларға белсенділік танытуы керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42

15:30

14:52

14:10

13:26

13:13

12:59

12:46

12:07

11:55

11:30

11:03

10:40

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12