Елдос алдағы спорттық мансабы туралы пікір білдірді

Елдос алдағы спорттық мансабы туралы пікір білдірді
Сурет: Кursiv.kz

Сметовтың пікірі.

Рио және Токио Олимпиадаларының жүлдегері Елдос Сметов үлкен спорттағы жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

«Егер спортты одан әрі жалғастырып, 2024 жылғы Париж Олимпиадасына қатысатын болсам, міндетті түрде 66 келіге ауысамын. Бұл туралы елге оралған бойда айтқан едім. Бәрі де жарақатыма байланысты болып тұр.

Егер денсаулығым жарап, жарақаттарым мазаламаса, міндетті түрде күресемін. Өйткені күрес - менің өмірім. Мен спорттан ләззат аламын. Мен еліміздің туын желбірету үшін жұмыс істеймін.

Олимпиада аяқталды, жарақаттарымды емдеуді бастаймын. Бәрі де жақын арада белгілі болады», - деді Сметов.