Елде екі мыңға жуық бала қызылша жұқтырған

Елде екі мыңға жуық бала қызылша жұқтырған
Сурет: 24.kz

Аурудың таралуы әлі де тоқтар емес.

Дертті жұқтырғандардың дені - екпе салдырмағандар. Жыл басынан бері қызылша жұқтырғандар саны екі мыңға жуықтаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, дертті алдымен, шетелге демалуға барған балалар жұқтырған. Кейін ол ел ішіне таралды. Ведомства басшысы вакцинаның маңыздылығы туралы ақпараттық жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

«Қызылша ауруы көптеген елде таралып жатыр. Біздің елге дерт көрші мемлекеттерден келді. Алдымен, демалуға барған балалар ауырды. Кейін олар елге оралып, екпе қабылдамаған балаларға жұқтырды», - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.