«Екінші жүрек» смарт сағаты

«Екінші жүрек» смарт сағаты
windsolarosbenergy.com

Ақылды сағат инфаркт пен инсульт белгілерін уақытылы анықтауға көмектеседі.

Құрылғы жағдайы ауырлаған науқастың жақындарына дереу хабар беріп, өздігінен жедел жәрдем шақыра алады. Тараздық Дулат Исабек пен Адия Тұрсынбай облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицейде оқиды.

Олар «Екінші жүрек» деп аталатын смарт сағатын 3 ай ішінде жасап шыққан. Қолға тағылатын құрылғы жүрек соғысын, қандағы оттегі коэффиценті мен дене температурасын көрсетеді. Жас өнертапқыштар ақылды сағаттың өз қосымшасын да жасап шыққан. Онда жасанды интеллект жұмыс істейді. Ұялы қосымшада дәрігердің бекіткен дәрі ішу кестесі де енгізілген. Жас ғалымдар енді смарт сағатты қалалық емханалардың бірінде іс жүзінде сынап көрмек.

Өнертапқыштар ыңғайлылық үшін құрылғының көлемін кішірейтіп, одан әрі жетілдірмек. Алдағы уақытта қан қысымын өлшейтін қондырғы қосу жоспарларында бар.