Доллар тағы 6 теңгеге арзандады

Доллар тағы 6 теңгеге арзандады
Сурет: Aikyn.kz

29 наурыздағы ресми бағам - 455,00 теңге.

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қазақстан қор биржасына (KASE) сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 6,35 теңгеге төмендеп, 448,39 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 29 наурыздағы ресми бағамы - 455,00 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 446,87 теңге, сату – 451,06 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 446,57 теңгеден сатып алынып, 449,75 теңгеден сатылып жатыр.