Доллар қаншаға саудалануда?

Доллар қаншаға саудалануда?
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

 Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 448–452 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 16 ақпандағы ресми бағамы – 1 долларға 448,06 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,88 теңге болды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 448– 452 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Алматыда доллар 448,1 – 450,03 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 4,83–4,93 аралығында саудаланып жатыр.

Еске салайық, 15 ақпан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0, 98 теңгеге қымбаттап, 448, 19 теңге болған.