Мұхтархан Ділдәбеков жауапты қызметке тағайындалды

Мұхтархан Ділдәбеков жауапты қызметке тағайындалды
Сурет: Бокс федерациясы

Сидней олимпиадасында бокса аса ауыр салмақта күміс жүлдегер атанған Мұхтархан Ділдәбеков еліміздің бокс федерациясында лауазымды қызметке кірісті.

Белгілі боксшы бұдан былай федерацияда бапкерлер штабымен жұмыс жөніндегі вице-президент қызметін атқарады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Ол бокстан аса ауыр салмақта Олимпиада ойындарының (2000) және әлем чемпионатының (1999) күміс жүлдегері, Азия Ойындарының жеңімпазы, екі мәрте күміс жүлдегері. Сондай-ақ, Азия чемпионатының күміс және қола медаль иегері.

Бұған дейін Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев орнынан кетіп, Шахмұрат Мүтәліп сайланған болатын.