"9-20-25" тұрғын үй бағдарламасы қашан іске қосылады?

"9-20-25" тұрғын үй бағдарламасы қашан іске қосылады?
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Бағдарламамен 8 мың адам баспаналы болады деп жоспарланып отыр.

Қазақстандықтар биыл жаңа тұрғын үй бағдарламасымен баспаналы болады. "9-20-25" тұрғын үй бағдарламасы 1 наурыздан бастап іске қосылады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 
Информбюро порталы осы тұрғын үй бағдарламасына шолу әзірлепті. 

Сонымен: 

Бағдарламаның пайыздық мөлшерлемесі – 9%;
Бастапқы жарна 20 пайыз не одан жоғары; 
Сатып алынғалы отырған үй кепілге қойылады;
Қарызды өтеу мерзімі – 25 жыл;
Бағдарламаға соңғы 5 жылда баспанасы болмаған жандар қатыса алады;
Бағдарламада негізінен жұмыс істейтін жастарға басымдық беріледі;
Несиені тек дайын үйге емес, "Қазақстан тұрғын үй компаниясының" кепілдігі бар, салынып жатқан үйлерге де рәсімдеуге болады.