Алматыда азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін қанша қаражат жұмсалатыны айтылды

Алматыда азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін қанша қаражат жұмсалатыны айтылды
Сурет: Sever-press.ru

Бюджеттен қосымша 4 млрд теңге бөлінеді.

Алматы әкімі Ерболат Досаев қаладағы азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін қанша қаражат жұмсалатыны айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Азық-түлік нарығындағы қалыптасатын жағдайды және бағаның өсуін ескере отырып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру мақсатында бұрын бөлінген 11 млрд теңгеге қосымша 4 млрд теңге көзделген. Бұл қаражат қант, нан, ет, көкөніс пен сүт өнімдерінің бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік береді»,- деді қала әкімі Мәслихат отырысында.