Қазақстандық теннисшілер жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисшілер жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
Сурет: Olympic.kz

Теннистен Қазақстан командасы тарихта алғаш рет Чехиядағы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты. Ол Словенияны 2:0 есебімен жеңді.

Команда капитаны Сергей Квак бастапқы ойынға тағы да Даниэль Тазабековты қойды және ол кезекті рет сенімді ақтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ұлттық Олимпиада комитетінің сайтына сілтеме жасап. 

Свит Сульичке қарсы ойында Даниэль салқынқандылық танытты. Бірінші сет 4:6 есеп ұтылғанына қарамастан, екінші партияда Тазабеков тез арада ойынға қайта оралып, тай-брейкте қарсыласын қыспаққа алды есеп-  7:6 (8:6).

Шешуші үшінші партияда Даниэль бірден 4:1 есебімен алда болды. Алтыншы геймде спортшы Сульич медициналық тайм-аут уақытын алды. Кейін жас қазақстандық өз шабуылын жалғастырып, ойынды 6:2-ге сенімді жеткізді.

Одан кейін алаңға өз құрамаларының алғашқы нөмірлері – Заңғар Нұрланұлы мен Жига Шешко шықты. Бірінші сет Зангарда қалды-6: 4. Екінші партияның басында қарсыластар брейктермен алмасты, бірақ Шешконың  күші сәл саябырлады, кейін Зангар сетті сенімді түрде, ал одан кейін матчты – 6:4, 6:3. есебімен жеңді.

Бүгін, 5 тамызда әлем чемпионатының жартылай финалында біздің жасөспірімдер Германия құрамасымен таласады.