Жарты жылда 11 763 интернет-алаяқтық тіркелген

Жарты жылда 11 763 интернет-алаяқтық тіркелген
Сурет: Egemen.kz

Бұдан былай кибералаяқтардың жасырын нөмірлері, орналасқан жері, пайдаланатын мобильдік қосымшалары анықталады.

Байланыс операторларымен келісімшарт жасалды. Интернет-алаяқтықтың алдын алу үшін, Ішкі істер министрлігі мен Цифрлық даму министрлігі бірлескен шараларды іске асырмақ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Көбіне алаяқтар шетелден болады. Оларға өз отандастарымыз көмектесіп жатады», - дейді Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин.

Айта кетсек, 2016 жылы 1000 киберқылмыс тіркелсе, былтыр 21 мың, ал биыл жарты жылда 11 763 қылмыс анықталған.

«Бұған пандемия мен шектеу шаралары және онлайн сатып алу әсер етіп отыр», - дейді мамандар. Интернет-алаяқтардың кесірінен 7 млрд теңге шығын келіп, 17 ұйымдасқан топ ұсталған.

«Біз өз тарапымыздан байланыс операторларымен бірлесіп, осы мәселені шешу жолдарын қарастыру арқылы нәтижеге қол жеткіздік. Қазіргі кезде байланыс операторлары, яғни «Kcell», «Теле2» телекоммуникация операторларының арасында телекоммуникация желілерінде рұқсат етілмеген қызметті, оның ішінде алаяқтық әрекеттерді болдырмау бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды», - дейді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.